Accessibility links

Ақтөбеде қаза тапқан боксшы өлімінің себептері анықталуда


Ақтөбеде WBO Asia-Pacific чемпионы, Базука деген лақап атпен белгілі боксшы Андрей Еськин опат болды. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, қайғылы оқиға 29-тамыз күні болған.

Ресми ақпараттар бойынша спортшы 8-қабаттан секіріп кеткен, ал расталмаған мәліметтер оның өз үйінің балконынан 7-қабаттағы көршісіне барғысы келіп, осы мақсатта пайдаланған жайманың жыртылып кеткенін айтады. Қазір өлімнің себептері анықталуда.
Чемпионның Германияда тұратын анасы мен бауырының келуін күтуге байланысты оны жерлеу рәсімі 5-қыркүйекке белгіленген. Боксшының артында әйелі мен екі қызы қалды.

Андрей Еськин 1976 жылы 2-сәуірде туған. Бокспен 1988 жылдан бастап айналысқан ол әуесқой рингте 167 рет қолғап түйістіріп, 152 рет жеңіске жеткен, 97 жекпе-жекті нокаутпен жеңген. Ал кәсіби рингте 1999 жылдан бері жүрген Андрей 17 жекпе-жектің 14 –де жеңіске жеткен.

Save
XS
SM
MD
LG