Accessibility links

«БТА Банк» ісі бойынша адвокаттардың шағымы сотта қаралады


Бүгін Алматы қалалық сотында «БТА Банк» ісі бойынша қылмыстылықтарын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тартқан аудандық соттың қаулысына қатысты адвокаттардың шағымы қаралады.

Айыпталушылардың қорғаушылары бұл істің Алмалы аудандық сотында қаралуына алаңдаушылық білдіріп отыр, ал тергеу әрекеттері «БТА Банкінің» бас ғимараты орналасқан Медеу ауданының аумағында өткен еді.

«Қылмыстылық мәселесі өте маңызды, сондықтан да бұл ережені бұзған соттың кез келген шешімі заңсыз болады. Егер адвокат соттың қандай да бір процессуалдық норманың бұзылуын байқаса, оған қарсылық етуге міндетті, себебі бір заң бұзушылық орын алса, ол жалғаса береді. Адвокаттардың алғашқы күннен заңның сақталуын талап етуі дұрыс», — деді Мұхтар Әблязовтің адвокаты Сәлімжан Мусин.
XS
SM
MD
LG