Accessibility links

Қазақстан банктерінің несиелендіру көлемі 40%-ға төмендеуі мүмкін


Zertteu DC Group компаниясының Қазақстан тұрғындарының кірісі туралы жүргізген зерттеулерінің қорытындысы бойынша 2009 жылы банктердің несиелендіру көлемі 40%-ға төмендеуі мүмкін.

Бұл құжатқа сәйкес, отандық қаржы институттары соңғы 5-7 жыл көлемінде Батыстан миллиардтаған доллар қарыз алу мүмкіндігінен айырылған. Сұраныстың маңызды бөлігі қазақстандық банктердің берген несиелерінің есебінен жабылған. Осыдан келіп, сұраныстың азаюы мен дағдарыстың екінші толқынын күту мәселесі шығады.

Zertteu DC Group 2006 жылдан бері консалтинг пен зерттеу саласында қызмет көрсетеді. Zertteu DCG-дің активтер портфелі кеңес беру, тұрақтандыру бағдарламасын жасау, зерттеу мен шеберлік жоспарлары сияқты бірнеше бағытты қамтиды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG