Accessibility links

Иран елшілігі Алматыдан Астанаға қоныс аударды


Иран ислам республикасының Алматыдағы елшілігі Астанаға ауыстырылды, — деп хабарлайды Теһранның Қазақстан істері бойынша сенімді өкілі Мохаммад Әли Эскандари.

Ол елшіліктің ауысуын Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Манучехр Моттакидің айтуымен жүзеге асты деп мәлімдеді, бұл мақсат Қазақстанның Иранмен байланысын жақсартуды көздеген делінді.

Эскандаридің айтуынша, енді елшіліктің қызметкерлеріне қазақстандық шенеуніктермен байланысу оңайға түседі. Сондай-ақ ол бұдан екі ел арасындағы саяси және экономикалық байланыстардың кеңеюін күтетіндігін де айтты.
XS
SM
MD
LG