Accessibility links

Абхазия грузин кемелерінің көзін құртпақшы


Сәрсенбі күні Абхазия басшысы Грузиядан бөлініп шығып Мәскеудің қолдауына ие болған әскеріне «теңіз шекарасын» бұзған грузин кемелерінің көзін құртуды тапсырғандығын мәлімдеді.

«Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Сергей Багапш бұл шара Грузия тарапының «қарақшылық әрекетін» болдырмау үшін қабылданғандығын айтты.

Осыдан бір күн бұрын ғана грузин соты Абхазияға бет алған түрік кемесінің капитанын 24 жылға соттаған болатын. Оған жауап ретінде абхаз билігі шетел кемелерін Грузияның Поти және Батуми порттарына жібермейтіндігін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG