Accessibility links

Ауған барлау қызметі басшысының орынбасары шабуылдан қаза болды


Ресмилердің айтуынша, бүгін Ауғанстанның шығысында орын алған жанкештілік шабуылдан елдің барлау қызметі басшысының орынбасары қаза тапқан. Лагман өлкесіндегі жарылыстан кемінде 23 адам құрбан болған, олардың ішінде Абдулла Лагмани де бар деп мәлімдеді провинцияның баспасөз хатшысы. Сонымен қатар тағы басқа жоғары лауазымды шенеуніктер мерт болды деп хабарланып отыр.

Сәрсенбі күні бір жанкешті кісі Мехтерлам қаласындағы мешітте өзін-өзі жарып жіберген болатын. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойнына алып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG