Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы талқылануда


Сәрсенбі күні әлемнің алты алпауыт елінің өкілдері Иранның ядролық қуатын талқылау үшін Германияға жиналды. Франкфурт қаласының шетінде өтетін жиынға БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі және Германия қатысады.

Кездесу қарсаңында Теһран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегіндегі жағдайды шешуге бағытталған ұсыныстардың жаңа нұсқасын әзірлегендігін мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік департаменті кез келген ұсынысты «өзара құрмет негізінде мұқият» қарап шығатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG