Accessibility links

Ирақта банкті тонағандар өлім жазасына кесілді


Сәрсенбі күні Ирақ соты миллиондаған долларды ұрлаған қауіпсіздік күшінің төрт мүшесін өлім жазасына кесті. Бағдадта шілде айындағы шабуылдан сегіз күзетші қаза болған еді.

Тергеушілердің айтуынша, ұрланған ақшаның көбі Ирақ вице-президенті Адел Абдул-Махди қарамағандағы газет кеңсесінде табылған. Айыпталушылардың арасында Абдул-Махдидің бұрынғы екі күзетшісі бар. Қалған төрт кісі сырттай сотталады деп күтілуде.

XS
SM
MD
LG