Accessibility links

Каримов Ресейдің тарихи ролін сынады


Өзбекстан президенті Ислам Каримов 19-20 ғасырларда Ресейдің Орталық Азияда атқарған ролін сынады.

Қыркүйектің 1-і күні Ташкенттің 2200 жылдығын тойлауға арналған шарада сөйлеген сөзінде Каримов сол кезде Орталық Азияға жасалған алғашқы ресейлік шабуылдар Ташкентті нысанаға алған болатын деп мәлімдеді. Каримов сондай-ақ Өзбекстан халқы 1920-1930 жылдары болған репрессиялар мен ашаршылықты батыл түрде бастан кешірді деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Ташкент өзінің жүз мыңдаған халқын Екінші дүниежүзілік соғысқа жіберіп, Совет одағының еуропалық жерлерінен эвакуацияланған адамдарға пана берген.

Өзбекстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар соңғы кездері шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG