Accessibility links

Молдова президенті қызметінен кетті


Сегіз жыл билікте болған Молдова президенті Владимир Воронин қызметінен кеткенін хабарлады. Өз партиясының интернеттегі парақшасында жариялаған мәлімдемесінде Воронин «ел мен партияның дағдарыс кезеңінде президент ретінде бұл даулы лауазымда қалуды жоспарлап отырған жоқпын» деген.

Шілде айындағы парламент сайлауында батысшыл партиялар жеңіске жеңген болатын. Парламенттің жаңа спикері либералды жетекші Михай Гимпу жаңа президент сайланғанша ел басшысы міндетін уақытша атқаратын болады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG