Accessibility links

«Ырысты» зауытының қызметкері Есенбек Үктешбаевқа қатысты сот отырысы өтеді


Бүгін Алматының Медеу аудандық сотында «Ырысты» вагон жөндеу зауыты басшылығының зауыттың белсенді жұмысшыларынан құрылған ереуіл тобының тең төрағасы Есенбек Үктешбаевтың үстінен жасалған шағымы бойынша сот отырысы өтеді.

Бұл туралы Азаттық радиосына мәлімет берген Есенбек Үктешбаевтың зауыттағы қызметі стандарттау бөлімінің бастығы. Оның айтуынша, басшылықтың талабы биылғы жылдың 30-маусымы күнгі өткізілген зауыт жұмысшыларының ереуілін заңсыз деп тану.

Бүгінгі сотта Есенбек Үктешбаевты қоғам қайраткерлері мен «Талмас» қоғамдық қозғалысының құқық қорғаушылары қорғамақ.
XS
SM
MD
LG