Accessibility links

Қазақстанда мемлекеттік тілде іс жүргізу 70% емес, 60%-ға орындалады


Мәдениет және ақпарат министрлігінің түзетілген стратегиялық жоспарындағы мәліметтерге қарағанда, 2010 жылдан бастап Қазақстанда іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жоспарланғандай 70% емес, 60%-ға орындалады.

Министрліктің стратегиялық жоспарына өзгертулер ресми басылымдарда жарияланған үкіметтің қаулысына сай енгізілген.

«2009 жыл бағанының «Мемлекеттік органдардағы іс жүргізуді мемлекеттік тілдің үлес салмағы» тармағындағы «70» санын «60» санымен ауыстыру керек», — делінген үкімет қаулысында.

Сондай-ақ мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің негізгі сферасындағы қажеттілік деңгейінің күтілуі 35% -дан 32%-ға түзетілген.

AzattyqTV

28 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG