Accessibility links

Алматыда Ядролық және радиациялық физика конференциясы өтпек


ҚР Ұлттық ядролық орталығының Ядролық физика институты баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 - 11 қыркүйек аралығында Алматыда Ядролық және радиациялық физика жөніндегі VII халықаралық конференция өтпек.

ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК және ҚР Ұлттық ядролық орталығының салалық институттары ұйымдастырып отырған бұл шарада Қазақстан Республикасында атом саласының дамуы жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында ядролық отын циклінің даму стратегиясы мен тактикасы жөніндегі мәселелер қаралады.

АҚШ, Ресей, Жапония, Корея, Түркия, Украина, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Малайзия, Әзербайжан, Польша, Үндістан, Тәжікстан, Грузия, Германия, Ұлыбритания, Словакия, Нигерия секілді 19 елден аталмыш жиынға қатысу жөнінде өтініш түскен.
XS
SM
MD
LG