Accessibility links

Евгений Жовтистің ісі бойынша сот тыңдауы жалғасуда


Бүгін Алматы облысының Бақанас ауылында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры, адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасының себепкері Евгений Жовтистің ісі бойынша сот тыңдауы жалғасуда. Бүгін зардап шегуші мен сарапшылардан жауап алынады.

Бұдан бұрын Евгений Жовтистің адвокаты Виталий Вороновтың судья Чолан Толқыновты ауыстыру туралы өтініш хат бергенін хабарлағанбыз, бірақ ол қанағаттандырылған жоқ. Кеше өткен сот отырысында авто-техникалық сараптама жасаған Кравченкодан және қайтыс болған жігіттің ағасынан жауап алынды. Евгений Жовтис өзі мен адвокатының өтініш хатын сот қарамайынша жауап беруден бас тартып отыр.

Халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы Қазақстан үкіметін Евгений Жовтиске қатысты соттың әділ өтуін қамтамасыз етуге шақырды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG