Accessibility links

БТА банк белгісіз біреулердің Алматыдағы бөлімшесінде бұзақылық жасағанын хабарлады


БТА банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада Алматыдағы банктің бөлімшесіне бұзақылардың шабуыл жасағаны айтылған.

«2-қыркүйек күні белгісіз жастар тобы банктің «Россия» бөлімшесінде заңға қайшы әрекет етіп, рұқсат етілмеген акция өткізді. Олар тіл тигізу, жәбірлеу сияқты әрекеттерімен көпшіліктің назарын аударып, бөлімшенің жұмысын тоқтатпақ болды, ескертулер мен түсіндірулерге қарамастан банк ғимаратына кіріп келді», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

БТА банкі осы жылдың ақпан айында мемлекет меншігіне өткен. Сондай-ақ банктің бұрынғы басшылары мен бірқатар топ-менеджерлеріне қатысты банк қаржысын ұрлады деген айыппен қылмыстық іс қозғалған болатын.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG