Accessibility links

Қазақстан президентінің Әзірбайжанға сапарының мерзімі өзгертілді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжанға сапарының мерзімі өзгертілді, — деп хабарлайды Қазақстанның Әзірбайжандағы елшілігі.

«Нұрсұлтан Назарбаев сапарының мерзімі өзгеруіне түркітілдес елдердің саммитінің уақытының өзгеруі себеп болды. Бұдан бұрын 30-қыркүйекте Бакуде басталады деп жоспарланған саммит 2-3 –қазан күндері Нахчыванда өтетін болды, соған байланысты президент сапарының бағдарламасы өзгертілді», – делінген елшіліктің мәліметінде.

Қазақстан басшысының Әзірбайжанға сапары аясында екі жақты сауда –экономикалық қатынастарды нығайту мен дамыту, теңіз және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланбақ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG