Accessibility links

Иран парламенті үкіметтің 18 мүшесін мақұлдады


Иран парламенті президент Махмуд Ахмадинежад ұсынған кабинет тізіміндегі 21 кандидаттың 18-ін мақұлдады.

Заңшығарушылардың басым бөлігі қорғаныс министрі лауазымына ұсынылған Ахмад Вахидидің кандидатурасын қолдап дауыс берді. 290 дауыстың 276-на ие болған Вахидиге Аргентина тарапынан іздеу жарияланған. Оған 1994 жылы Буэнос-Айрестегі еврейлердің орталығында орын алған жарылысқа қатысты бар деген айыптар тағылған.

Сонымен қатар Иран парламенті білім және әлеуметтік мәселелер бойынша министрлеріне ұсынылған екі әйел үміткерді және энергетика министріне тағайындалған кандидатты бекітпеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG