Accessibility links

АҚШ пен Жапония ғаламдық экономиканы қайта өрлетпек


АҚШ президенті Барак Обама Жапонияның жаңа жетекшісі Юкио Хатоямаға әлем экономикасын жақсарту мен ғаламдық ауа-райының өзгеруі мәселесін шешу мақсатында онымен бірге жұмыс істеуді асыға күтетінін айтты. Екі ел басшылары сәрсенбі күні телефон арқылы әңгімелесті.

Жапония бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Хатояма Обамаға екі елдің қауіпсіздік альянсы сыртқы қарым-қатынастардың негізі боп табылады деп мәлімдеген.

Хатояманың Демократиялық партиясы жексенбі күнгі парламент сайлауында жеңіске жеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG