Accessibility links

Қырғыз журналисінің өліміне қатысты тергеу аяқталды


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында екі полиция қызметкеріне жергілікті журналисті өлтірді деген айыптар тағылды.

Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, шілденің 4-і күні Нукат ауданында бір топ полицейлер журналист Алмаз Ташиевті соққыға жыққан. Журналист кейінірек Оштағы ауруханада көз жұмған. Аймақтық прокурор Суюнбек Сатыбалдиевтің айтуынша, тергеу жұмыстары аяқталып, бұл іс жергілікті сотқа жіберілген.

Осы жылы Қырғызстанда 6 журналистке шабуыл жасалды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG