Accessibility links

Қадыровтың «Мемориалға» қарсы шағымы кері қайтарылды


Мәскеудің мемлекеттік ішкі істер департаменті Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың «Мемориал» ұйымының басшысы Олег Орловқа қарсы шағымы бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартты. Қадыровтың адвокаты Андрей Красненков, «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында, тергеу ісіне жаңа жайттарды анықтау қажеттігін хабарлады.

Рамзан Қадыров Олег Орловтың құқыққорғаушы Наталья Эстемирова өлімінің жауапкершілігі Шешенстан президентінің мойнында деген мәлімдемесі бойынша қылмыстық іс қозғауын сұраған болатын.

Сонымен қатар, Қадыров ар-ожданды қорғау бойынша азаматтық шағымын Мәскеудің Тверь сотына өткізген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG