Accessibility links

Шыңжаңда наразылық шарасы өтті


Қытайдың Үрімші қаласында жаңа наразылық шаралары өтті деп хабарланып отыр. Шілде айында бұл аймақта орын алған толқуларда 200-ге жуық адам қаза тапқан болатын.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Шыңжаң өлкесінің Үрімші қаласында мыңнан аса адам жиналып, инелі шприцтермен жасалған бірқатар шабуылдарға байланысты қоғам қауіпсіздігінің нашарлап бара жатқандығына наразылық танытты.

Телефон арқылы байланысқан тұрғындардың айтуынша, шерушілер Қытайдың этникалық хан өкілдері боп табылады. Шілде айында ұйғырлар мен қытайлық хан өкілдері арасында қақтығыстар орын алған болатын.
XS
SM
MD
LG