Accessibility links

Майкл Джексонды жер қойнауына тапсырады


Майкл Джексон бейсенбі күні Лос-Анджелес шетіндегі «Форест лоун» зиратына жерленеді. Хабарларға қарағанда, әншіні жерлеу рәсіміне отбасы мүшелері мен бірқатар журналистер қатысады.

Жерлеудің қарсаңында зират аймағы қатаң бақылауға алынды, атап айтқанда, зиратқа жақын маңдағы көшелер жабылып, көлік орналастыруға тыйым салынды.

Поп-музыка патшасы Майкл Джексон 25 маусымда жүрегі тоқтағаннан қайтыс болды. Лос-Анджелес тергеушілері әншінің дәріден уланғандығын анықтаған.


XS
SM
MD
LG