Accessibility links

Оппозиция: Ирандағы толқулардан 72 адам қаза болды


Иран оппозициясының басшысы Мир Хосейн Мусавидің одақтасы маусымдағы даулы президенттік сайлаудан кейінгі толқуларда 72 адам қаза болғандығын хабарлады.

Бұған дейін, 11 тамызда, Алиреза Хосейни Бехешти елдегі толқулар барысында 69 кісі қайтыс болған деп мәлімдеген еді. Билік өкілдері оппозицияның кесірінен болған қантөгісте 26 кісі қаза болды дейді.

Бехешти оппозициялық шерулерде тұтқындалған адамдардың тағдыры жөнінде мәлімет жинайтын комитеттің басшысы боп табылады. Оппозицияның айтуынша, сайлау бұрмаланып, президент Махмуд Ахмединежад екінші мерзімге қайта сайланған.

XS
SM
MD
LG