Accessibility links

Ресей мен Қазақстан жастары Жайық өзенін құтқаруға арнап форум өткізеді


6-7 қыркүйек күндері Орынбордағы «Самородово» сауықтыру лагерінде Жайық өзенін құтқаруға арналған Ресей мен Қазақстан жастарының «Мы + Мы» форумы өтеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

11-қыркүйектегі Ресей мен Қазақстан президенттерінің қатысуымен өтетін саммит қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл форум Жайық өзенінің экологиялық проблемаларын талқылау мен жастардың өзекті мәселелер жөнінде тәжірибе алмасуына арналған.

Жиын барысында екі елдің 80-ге жуық студенті дөңгелек үстелдер мен пікірталастарға қатысып, Ресей мен Қазақстан президенттеріне бірігіп үндеу дайындамақ.
XS
SM
MD
LG