Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда екі қария құтыру ауруына шалдыққан


Оңтүстік Қазақстан облысында жергілікті медицина қызметкерлері бірден екі жұқпалы құтыру ауруын анықтады, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар қызметінен түскен мәліметке қарағанда, алғашқы құтыру ауруымен Шымкенттің Абай ауданының Навои көшесінде орналасқан үйдің 72 жастағы тұрғыны қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Онымен байланыста болған үш адам бақылауға алынған.

Дәл осы жағдай Сайрам ауданының Қаратөбе ауылында да орын алып, «Бадам-1» бөлімшесінде тұратын 80 жастағы қариядан құтыру ауруы нақтыланып, ауруханаға түскен, онымен байланыста болғандарды дәрігерлер тексеруде.

Құтыру — жылы қанды жануарлар мен адамдарда болатын жұқпалы ауру түрі. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы арқылы көрініс беретін бұл науқастан адамның өліп кетуі де ықтимал. Адамдарға бұл ауру иттің, қасқырдың, мысықтың тістеп алуынан немесе жарқанаттың қонуынан жұғуы мүмкін.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG