Accessibility links

Қазақстаннан Түменге есірткі тасымалдағандардың ісі қаралмақ


Түмен аудандық соты Қазақстаннан Түменге 4 килограмм марихуананы контрабандалық жолмен апарды деп айтыпталғандардың ісін қарамақ, — деп хабарлайды РИА Новости Орал федеральдық округі Бас прокуратурасына сілтеме жасап. Сот ісінің нақты мерзімі туралы хабарланбаған.

Тергеу мәліметінше, 2009 жылдың 26-ақпанында айыпталушылардың біреуі Қазақстанның Петропавл қаласында 4,3 килограмм марихуана сатып алған, оның сыбайласы есірткіні орман арқылы шекарадан алып өткен. Қорған облысының Петухово аудан орталығынан есірткі салынған сөмке Түменге жөнелтілген.

27-ақпан күні таңертең есірткіні алып бара жатқан көлікті Түмен облысының есірткілік бақылау қызметінің өкілдері ұстаған.
Қылмысқа қатысты адамдар РФ Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-тармағы (ұйымдасқан топпен есірткілік заттарды контрабандалау) және 228-баптың 3-тармағы (есірткілік заттарды заңсыз сатуға дайындау), сондай-ақ 322-баптың 1-тармағы (РФ-ның мемлекеттік шекарасын кесіп өту) бойынша айыпталды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG