Accessibility links

Павлодарлық мұғалім менингиттен қайтыс болды


Павлодарда 26 -тамызда өткен оқытушы-мұғалімдердің тамыз конференциясына қатысқан бір мұғалім менингиттен қайтыс болған, жұқпалы ауру ошағы әзірге табылған жоқ, — деп мәлімдеді Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің облыстық департаменті.

«Жас мұғалімнің өлімге душар болуына менингококк жұқпасы себеп болған. Ауру тым жедел асқынған. Әзірге оның қалай және қай жерде ауырғаны белгісіз күйінде қалып отыр. 27 -тамызда оның жағдайы нашарлап кеткен, сол күні жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген ол 29 -тамызда қайтыс болды», — делінген санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің хабарламасында.

Облыстық департаменттің мәліметінше, марқұммен қарым-қатынаста болған мектептегі және отбасындағы 53 адам жедел дәрігерлік бақылаудан өткен, олардың ешқайсысынан ауру қоздырғышы табылмаған.
XS
SM
MD
LG