Accessibility links

Ұлттық банк қайта қаржыландыру ставкасының жылдық деңгейін 7,0% деп белгіледі


Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2009 жылғы 4 қыркүйектен бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасын 7,5% -дан 7%-ға төмендетіп, жылдық деңгейін 7,0% деп белгіледі, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ресми қайта қаржыландыру ставкасын төмендету 2009 жылғы тамызда жылдық инфляцияны 6,2%-ға дейін төмендетумен, сондай-ақ отандық банкаралық нарықтағы ставкалардың жалпы төмендеуімен байланысты. Атап айтқанда, KazPrime индикаторы 2009 жылғы тамыздың аяғында 2009 жылғы наурыздағы 15,04%-ға тең ең жоғары деңгейінен төмендеп 6,47% болды. 7,0%-ға тең ресми қайта қаржыландыру ставкасының деңгейі тарихи тұрғыдан алғанда ең төменгі көрсеткіш болып есептеледі, ресми қайта қаржыландырудың осындай деңгейі тек 2003 жылғы 7 -шілде мен 2005 жылғы 1 -ақпан аралығындағы кезеңде ғана болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG