Accessibility links

«Хьюман Райтс Вотч» Жовтиске шығарылған үкімді айыптады


Халықаралық «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтиске шығарылған үкімді айыптады. Бейсенбі күні жарияланған мәлімдемесінде ұйым Жовтисті төрт жылға соттаған үкім әділ сот жүйесінің басты ережелеріне қайшы деп атап көрсеткен.

«Жовтистің қорғаушыларының тұжырымдары мен өтініштерін судьяның қарағысы келмегендігі соттың саяси процесс екендігін анық көрсетті. Бұл үкім Қазақстанда адам құқығын қорғаушыларға ауыр соққы болып тиді», - деп есептейді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Андреа Берг. Соған байланысты ол Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етуге дайын емес деген тұжырым жасаған.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис 3 қыркүйекте жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылды, құқыққорғаушыны сот залынан ұстап алып кетті.
XS
SM
MD
LG