Accessibility links

Майкл Джексон Forest Lawn зиратына жерленді


Осыдан екі айдан астам уақыт бұрын дәрі-дәрмекті шек тыс қабылдағаннан қайтыс болған поп-жұлдызы Майкл Джексон бүгін таңертең Лос-Анджелес шетіндегі Forest Lawn зиратына жерленді.

Бұл зиратта Уолт Дисней, Кларк Гейбл, Хамфри Богарт және Эррол Флинн секілді атақты әртістер, режиссерлер, шоу-бизнес өкілдері жатыр.

Бейсенбі күні кешкісін Майкл Джексонмен қоштасу рәсіміне әншінің туыстары мен жақын достары – барлығы 200-ге жуық кісі қатысты.

Поп-музыка патшасы Майкл Джексон 25 маусымда қайтыс болды. Лос-Анджелес тергеушілері әншінің дәріден уланғандығын анықтаған. Полиция бұл іс бойынша бірқатар дәрігерлерді тергеп жатыр, бірақ ресми түрде ешкімге айып тағылған жоқ.
XS
SM
MD
LG