Accessibility links

Пхеньян: Уран байытудың соңғы кезеңін бастадық


Солтүстік Корея уран байытуының соңғы кезеңін бастағанын хабарлады. Бұл үдеріс коммунистік мемлекеттің ядролық қару жасауына жол ашады.

Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньянның БҰҰ-дағы делегациясы Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, бұл қадам Солтүстік Кореяға қарсы халықаралық санкциялардың күшейтілуіне жауап ретінде жүзеге асырылған.

Мамыр айында Пхеньян ядролық сынақ жасаған болатын. Бұдан бұрын Солтүстік Кореяның ядролық қару дамытатын құпия уран байыту бағдарламасы бар деген айыптар айтылған еді.
XS
SM
MD
LG