Accessibility links

Өзбекстан полициясы 3 содырды өлтіргенін хабарлады


Өзбекстан полициясы өткен аптада Ташкенттегі атыстар барысында шетелде дайындықтан өткен үш содырды өлтіргендерін хабарлады.

Үкіметтік бұқаралық ақпарат құралдарының Өзбекстанның бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, содырлар өткен сенбі күні полицияның арнайы операцисы барысында өлтірілген. Бұл содырлар «шетелдік террорлық орталықтарда» дайындықтан өткен және таяуда Өзбекстанда жасалған ауыр қылмыстарға қатысы бар делініп отыр.

Ресми ақпаратта сенбі күні Өзбекстанның тәуелсіздік күні қарсаңында болған атыстар туралы ешнәрсе айтылмайды.
XS
SM
MD
LG