Accessibility links

Ауғанстан: Ақ үй бейбіт халықтың қырылуына алаңдайды


Ауғанстанда тәліптер айдап кеткен жанармай тасушы жүк көліктеріне АҚШ-тың әуеден берген соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды деген хабарға Ақ үй «қатты алаңдайды».
Ақ үйдің ресми өкілі Роберт Гиббс мәлімдегендей, Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз облысында жұма күні болған оқиғадан бейбіт тұрғындардың құрбан болуына Ақ үй өкініш білдіреді.
НАТО одағының басшылығы, ауған шенеунектерінің мәліметі бойынша, 90-ға жуық адам қаза болған әуе соққысының жай-жапсарына тиянақты тергеуге міндеттенді. НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Рассмусен атап көрсеткендей, жанармай тасушы жүк көліктерін айдап кеткен тәліптердің көзі жойылды, бірақ бейбіт тұрғындардың да қаза болғаны хабарланды.
Ауғанстан президенті Хамад Қарзай бейбіт халықты қыруға болмайтынын мәлімдеп, қайғылы оқиғаны тергейтін жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG