Accessibility links

Ирақ пен Сирия арасынан жанжал шықты


Ирақ Сириямен арадағы шекарасының қауіпсіздігін нығайтуға кірісті. Елге қарулы содырлардың өтуіне жол бермеу үшін бүкіл шекара бойына қосымша мыңдаған полиция қызметкері орналасады.
Шекараны нығайтуға премьер-министр Нұри Әл-Мәликидің өзі тікелей бұйрық берді. Ол бастаған Ирақ үкіметі одан бұрын Сирияны Бағдад қаласындағы 100-ге тарта адам қаза болған тізбекті жарылыстарды ұйымдастырған қаскүнемдерге пана берді деп айыптаған болатын.
Ресми Дамаск ол айыпты теріске шығарды. Екі елдің арасынан шыққан осы жанжал Бағдадтан Сирия елшісін, ал Дамаскіден Ирақ елшісін кейін шақыртып алуға түрткі болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG