Accessibility links

Уго Чавес Теһранда келіссөз жүргізеді


Венесуэла президента Уго Чавес Иран билігіндегі одақтастарымен келіссөз жүргізу үшін Теһранға ұшып келді. Теһранға келуінің ізінше, оның өз сөзімен айтқанда, 12 маусымдағы даулы президент сайлауынан кейін Иранның ішкі ахуалын шайқағысы келген «батыстың күштеріне» төтеп бере алған жергілікті билікті мақтаған сөзі келтірілді. Ал Иран оппозициясының мәлімдеуінше, сайлаудың нәтижесі президент Махмуд Ахмадинеджадтың пайдасына қарай бұрмаланды.
Уго Чавес Теһранға Дамаскіден ұшып келді. Сирияда Чавес Палестина халқына зұлымдық істеп отырғаны және Америка империализмінің агенті болғаны үшін Израильді ащы сынға алды.
Венесуэла президенті Ресей мен Беларуссияға да сапарға барады.
XS
SM
MD
LG