Accessibility links

Жетекші 20 елдің қаржыгерлері Лондонға жиналды


Әлемнің жетекшісі 20 елінің қаржы министрлері Лондон қаласында өткен жылы басталған банк дағдарысы сынды құбылысқа қайта жол бермеудің амалдарын талқылау үстінде.
Ағылшын баспасөзінің хабарлауынша, басқосуға қатысушылардың арасынан қарама-қайшылық шыға бастады. Франция мен Германия банктердің өз капиталдарын өсіруіне мүмкіндік беру туралы АҚШ-тың ұсынысына қарсы шықты. Сонымен қатар француздар мен немістер банкирлерге берілетін ақшалай сыйақының көлеміне де шек қоюды талап етуде.
Қаржы министрлерінің бұл кездесуі – жетекші 20 ел басшыларының АҚШ-тың Питтсбург қаласында болатын саммиті қарсаңында өтіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG