Accessibility links

Ауғанстан: НАТО өкілдері ауруханада болды


НАТО-ның ресми өкілдері Ауғанстанның солтүстігінде тәліптер айдап кеткен жанармай тасушы жүк көліктеріне АҚШ-тың әуеден берген соққысынан қаза тапқандардың отбасыларымен және жапа шеккендермен кездесті.
Ауғанстандағы АҚШ әскері мен НАТО күштерінің қоғаммен байланысына жауап беретін өкілі, Американың теңіз контр-адмиралы Грег Смит НАТО делегациясын әуе соққысынан аман қалғандар жатқан ауруханаға баруға мәжбүр етті. Ауған шенеунектерінің мәлімдеуінше, соққыдан 90-ға тарта тұрғын құрбан болды.
Адмирал Смит журналистерге: - Біздің міндетіміз – 2 түн бұрын не болғанын анықтау. Сол облыста 2 бомба тасталды. Біз шынында да не болғанын... және жергілікті тұрғындардың оған қалай душар болғанын анықтауға тиіспіз, -деп мәлімдеді.
Бұл оқиға - Талибанның үстемдігі құлаған 2001 жылдан бері айтарлықтай тыныштық орнаған Кундуз облысында болды. Алайда соңғы кезде тәліптердің белсенділігі байқалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG