Accessibility links

Г.Браун 20 елді ақшалай көмекті доғармауға шақырды


Сенбі күні әлемнің жетекші 20 елінің қаржы министрлері жиналған Лондонда Англияның премьер-министрі Гордон Браун дүниежүзілік экономикаға көрсетіліп жатқан төтенше көмекті аяқтауға әлі тым ерте екенін мәлімдеді.
Қаржы министрлерінің кездесуінде сөйлеген сөзінде Браун мұндай көмек беруден бас тарту – экономикалық дағдарыстан шығудың енді ғана көріне бастаған алғашқы нышанын жоя алатын үлкен қателік болатынын атап көрсетті.
Ағылшын премьерінің айтуынша, экономиканы ынталандыру үшін әлемнің жетекші елдері бөлуге міндеттенген 5 триллион доллар қаржының тең жартысынан астамын, жоспарға сәйкес, бәрібір толық бөлуге тиіс.
Қаржы министрлерінің бұл кездесуі – жетекші 20 ел басшыларының 24-25 қыркүйек күндері АҚШ-тың Питтсбург қаласында болатын саммиті қарсаңында өтіп жатыр.
XS
SM
MD
LG