Accessibility links

Қызбаланы зорлаған АҚШ жауынгері сотталды


АҚШ-тың бұрынғы әскери қызметкері Ирақта бойжетпеген қызбаланы зорлап, оны бүкіл отбасымен бірге өлтіргені үшін өмір бойына түрме жазасына кесілді.
Кентукки штатында осындай үкім шығарған судья 24 жастағы Стивен Грин есімді жауынгердің бұл қылмысын «санаға қонбайтын және ақтауға жатпайтын әрекет» деп бағалады.
2006 жылы Бағдадтың іргесінде Стивен Грин 14 жастағы қызбаланы зорлап, оның өзі мен 3 жақынын өлтірді. Осы қылмыс бойынша тағы 4 АҚШ жауынгері сотталды, үшеуі - өмірінің соңына дейінгі мерзімге ксілді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG