Accessibility links

2010 жылы Кабулда халықаралық форум өтеді


БҰҰ ұзақ соғыстан зардап шеккен Ауғанстандағы саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру мәселесі бойынша мәртебелі халықаралық конференция өткізуге үміттенеді.
Ұлттар Ұйымының бейбітшілікті сақтау бөлімінің өкілі Ари Гайтанис хабарлағандай, шенеунектер мұндай кездесуді алдағы көктемде Ауғанстан астанасы – Кабулда өткізуге үміт артып отыр. Бұл форум ауған үкіметі мен оның халықаралық әріптестерін уәжге келтіріп, өткен айдағы президент сайлауынан кейінгі дамуға ықпал етеді деген үміт бар.
Ұлттар Ұйымы өкілінің ескертуінше, жоғарғы деңгейдегі бұл форумның ұйымдастыру мәселелері әлі қарастырылу үстінде, шақырылатын қонақтардың ешқандай тізімі әлі жоқ.
20 тамыздағы президент сайлауынан бері Ауғанстандағы ахуал ушыға түсті. Сайлаудың бастапқы нәтижесі президент Хамид Қарзайдың билік басында қалатынын байқатты. Бірақ оппозициядан түскен үміткер Абдулла Абдулла сайлаудың нәтижесі бұрмаланды деп отыр.
XS
SM
MD
LG