Accessibility links

Ингуш президентін өлтірмек болған кісі өлтірілді


Ингушетияда президент Юнусбек Евкуровқа қарсы қастандықты ұйымдастырған адам мерт болды. Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі осылай деп хабарлады.
Оның мәліметі бойынша, Рустам Дзортовтың өлі денесі Назрань қаласының шетінен табылды. Жорамал бойынша, ол жұма күні кешке болған атыстың барысында алған жарақатынан мерт болды. Осы атыста тағы 2 экстремист оққа ұшқан болатын.
Хабарға сәйкес, «Абдул Әзиз» деген тақап атымен белгілі Рустам Дзортов Ингушетиядағы астыртын экстремистік қозғалысты басқарды және оған федералдық іздеу жарияланды.
Ингушетия президенті Юнусбек Евкуров өзіне қарсы 22 шілде күні жасалған қастандықтан ауыр жараланып, Мәскеуде емделді.
XS
SM
MD
LG