Accessibility links

Пәкістан армиясы содырларға соққы беруде


Пәкістан үкіметінің мәлімдеуінше, елдің батысындағы соғыс операциясының барысында кем дегенде 30 содырдың көзі жойылды.
Пәкістанның қауіпсіздік күштері өкілдерінің France Press агенттігіне мәлімдегеніндей, әуеден соғыс тікұшақтары мен құрлықтан зеңбіректер қолдаған армия бөлімдері «Лашкар-э-ислам» тобының Ауғанстан шекарасына Хайбер ауданында орналасқан бекінісіне шабуыл жасады.
Осы аудандағы операция жанпидашыл-содырдың полиция казармасына жасаған қастандығынан кейін басталды. Сол қастандықтың салдарынан 22 кісі опат болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG