Accessibility links

ЕО Ауғанстандағы қайғылы оқиғаға өкініш білдірді


Еуропа Одағының сенбі күні Стокгольмде бас қосқан сыртқы істер министрлері Ауғанстанда НАТО күштерінің әуе соққысынан бейбіт тұрғындардың қаза болуына өкініштерін білдірді. НАТО авиациясы тәліптер айдап кеткен жанармай автокөліктеріне әуеден соққы берген болатын.
Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнер, ауған шенеунектерінің мәлімдеуінше, 90-ға жуық бейбіт тұрғын қырылған әуе соққысын тергелуге жататын «үлкен қателік» деп атаса, ЕуроОдақтың сыртқы қатынастар бойынша арнаулы өкілі Бенита Ферреро-Вальднер ханым оны «үлкен, үлкен трагедия» деп бағалады.
Одан бұрын Ақ үй жұма күні Ауғанстанның солтүстіктегі Кундуз облысында болған осы қайғылы оқиғаға алаңдайтынын мәлімдеді.
НАТО басшылығы әуе соққысының жай-жапсарын тиянақты тергеуге міндеттенді. Ауғанстан президенті Хамад Қарзай бейбіт халықты қыруға болмайтынын мәлімдеп, қайғылы оқиғаны тергейтін жұмыс тобының құрылғанын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG