Accessibility links

Македания: кеме апатынан 18 адам суға кетті


Македонияның Охрид көліндегі кеме апатынан соңғы мәлімет бойынша кем дегенде 18 адам суға кетті. Македон ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, құрбандардың көпшілігі, оның ішінде балалар Болгария азаматтары. 53 адам құтқарылды.
Куәгерлердің айтуынша, жолаушы кемесі жағалаудан 200 метрдей қашықтықта қақ ортасынан жарылып қасқағым сәтте суға батты, жолаушылар тіпті құтқарғыш белбеуін киіп те үлгермеді.
Апаттың себептері әзірше белгісіз. Бірақ 70 жылдан астам уақыт жүзіп жүрген кеменің адамға лық толы болғаны туралы хабар бар. Құтқарушылар әлі жұмыс істеуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG