Accessibility links

Венесуэла президенті Ашхабадқа келуге тиіс


Жексенбі күні Венесуэла президенті Уго Чавес ресми сапармен Ашхабадқа келуге тиіс.
Түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Чавеспен арадағы келіссөзі «екі жаққа да тиімді әрі ұзақ мерзімге созылатын ынтымақтастықтың негізін қалайды» деп үміттенетінін мәлімдеді. Хабарға қарағанда, Түркіменстан мен Венесуэла президенттері энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын тәрізді. Өйткені, Ашхабад Орта Азияның жетекші газ өндірушісі болса, Венесуэла – Оңтүстік Американың басты газ өндірушісі болып табылады.
Уго Чавес мұнай экспорттаушылардың ОПЕК ұйымы сынды халықаралық газ картелін құру туралы Кремльдің бастамасын қолдап шықты.
Түркіменстан газының Ресейге баратын экспорты екі елдің арасынан шыққан даудың салдарынан биыл тоқтап қалды.
XS
SM
MD
LG