Accessibility links

Уго Чавес Иран президентімен келіссөз өткізді


Уго Чавес Түркіменстанға Ираннан ұшып келеді. Теһранда өзара келіссөз өткізген Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Венесуэла лидері Уго Чавес екі ел «империализмге қарсы майданның мүшелері» ретінде бір-бірін қолдап жүруге тиіс деп мәлімдесті. Өз кезегінде Чавес Иранның ядролық ізденістерін оның «егемендік құқы» деп бағалап, Теһранның ядролық қару жасау мақсатына Батыс елдерінің әлі күнге дейін ешқандай айғақ таба алмағанын атап көрсетті.
Ашхабадтан кейін Чавес Ресей мен Беларуссияға да барады.
XS
SM
MD
LG