Accessibility links

Ақ үй Пхеньянның мәлімдемесіне алаңдайды


АҚШ-тың Солтүстік Корея бойынша арнаулы өкілі ядролық қару жасау жолындағы ізденістерін жалғастыра беретіні туралы ресми Пхеньянның мәлімдемесіне алаңдаушылығын білдірді.
Жексенбі күні Сеулде сөйлеген сөзінде Стивен Босуорт Корея халық-демократиялық республикасы жойқын қаруға қол жеткізуге ұмтылатынын тағы да аңғартты деп мәлімдеді. Босуорттың сөзіне қарағанда, уранды байыту туралы ресми Пхеньянның хабарламасы түсініктеме беруді талап етеді.
Осыған дейін Солтүстік Корея ядролық сынақтарын қару жасауға қолданылатын плутонийдің негізінде өткізіп келді.
XS
SM
MD
LG