Accessibility links

АҚШ-тың ғарыш кемесі миссиясын аяқтап қалды


«Дискавери» ғарыш кемесінің екі астронавты ашық кеңістіктегі жұмыстарын аяқтады. Бұл акмерикалық ғарыш кемесінің халықаралық ғарыш бекетіндегі миссиясының барысында ғарыш бекетінен тысқа үшінші және ақырғы шығуы болды.
АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігінің өкілдері хабарлағандай, 7 сағаттың ішінде астронавтар ашық кеңістікте бірқатар техникалық жұмыс атқарды, оның ішінде жылдамдық өлшегіштің блогін алмастырып, қосымша навигациялық жабдықтар орнатты.
«Дискавери» шаттлы ғарыш бекетінен алдағы сейсенбі күні бөлініп, 10 қыркүйекте жерге оралуға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG