Accessibility links

Иран өзінің жаңа қорғаныс министрін сыйлауға шақырады


Ресми Теһран Америка Құрама Штаттарын Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласындағы еврей мәдени орталығында болған террорлық қастандыққа қатысы бар деп АҚШ пен Аргентина күдіктенген шенеунектің Иранның қорғаныс министрі болып тағайындалуын құрметтеуге шақырды.
Өткен аптада Иран парламентінде Ахмад Вахидидің қорғаныс министрі болып мақұлдануын ресми Вашингтон «бір адым кейін шегіну» деп бағалады. Оның тағайындалуына Аргентина үкіметі де наразы болды. Алайда ресми Теһран 1994 жылғы 85 адам құрбан болған террорлық қастандыққа жаңа қорғаныс министрінің қатысы бар деген кез-келген жорамалды талай рет теріске шығарып келді.
XS
SM
MD
LG