Accessibility links

Қазақстан жанар-жағармай экспортына уақытша тыйым салады


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін жанар-жағармай экспортына уақытша тыйым салу туралы үкіметтің қаулысына қол қоймақ.

«АИ-80» маркалы бензиннің жетіспеушілігінен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қиындыққа тап болатындығын айтып, экспортқа уақытша тыйым салуды сұраған Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевқа үкімет басшысы: «Бүгін кешке дейін қаулыға қол қоятын боламын», — деді.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, жанар-жағармай экспортына осы жылдың соңына дейін уақытша тыйым салынбақ.
XS
SM
MD
LG